Back
Next

Ақпараттық және ғарыштық технологияларды ұжымдық қолданудың ұлттық ғылыми зертханасы.

Зертхана қызметінің негізгі мақсаты - ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын субъектілермен ақпараттық және ғарыштық технологиялар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуін қамтамасыз ету.





Copyright 2015 by NORLIST
Ғылыми қызмет
          Жерді қашықтықтан барлау жобасы орындалған («КазГеоКосмос» АҚ-мен келісім-шарт бойынша: «Жерді қашықтықтан барлау мәліметтерін қабылдау және өңдеу Орталығын құру және дамыту бойынша ортақ қызметі туралы»).
          Үлкен көлемде мәліметтерді есептеуіш кластерге орналастыру жұмыстары жүргізілді: серіктен түсірілген суреттер мен ортофотосуреттер. Жер бедерінің ортофотопландар мен сандық моделдерін құру мақсатында ауәғарыштық мәліметтерді фотограмметрикалық өңдеу алгоритмі құрылды.
          TERRA, AQUA/MODIS ғарыштық мәліметтер негізінде өртті (дала мен орман өрттері және жанып тұратын факелдық құрылғылардың салдары) бақылау алгоритмі құрылды. Және де бұл жұмыстың нәтижесі болып Қазақстан Республикасы территориясындағы өрістер мен егін аудандарының жағдайын бақылау болды.
          ERRA, AQUA/MODIS ғарыштық суреттер мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасы территориясының жер беті температурасы мен жылулық ауытқуларды бағалау алгоритмі құрылды.

          Жоба нетижелері:

          • Электронды топографиялық карталарды құру мақсатында аэроғарыштық суреттерді суперкомпьютерде өңдеу алгоритмін зерттеу және әзірлеу.
          • Архитектураны құру әдістемесі және GRID-жүйесінің түпнұсқасын әзірлеу.
          • Жоғарғы өнімді есептеулерді қолдану арқылы мәтінді мемлекеттік тілде оптикалық тану бойынша интерактивті порталды әзірлеу.
          • Мұнай-газ өнеркәсіп нысандарындағы апаттардың биотаға кері әсерін тигізу қауіп-қатер картасының әдістемесін суперкомпьютерде әзірлеу және жүзеге асыру.
          • Алмасумен кездейсоқ процестер.

                         Бөтен ұйымдардың Зертхана базасында іске асыратын жобалары:

          1.  Нарықтық экономиканың тетiктерiн параметрлiк реттеу теориясы базасында өндiру және тиiмдi мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру әдiстерiн дамыту бойынша бағдарлама. Әлемдiк деңгейдегі зерттеулер бағдарламаның ғылыми жетекшiсі техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі А.А.Ашимовтың жетекшілігінде жүргiзiледi.
          Теориялық нәтиже: Ұлттық экономика эволюциясының параметрлiк реттеу теориясының негiзi жасалған. Зерттеудің қолданбалы нәтижелері макроанализ құралдары, экономикалық параметрлердiң ықпалдарын зерттеу және математикалық модел базасында экономикалық саясат бойынша ұсыныстарын өндiру түрінде көрсетіледi:

          • игiлiктердiң макроэкономикалық нарықтары, қазына, игiлiктер - қазына, Кейнстiң ортақ экономикалық тепе-теңдiгi;
          • кіші елдiң ашық экономикасы;
          • конъюнктура циклдерi;
          • детерминделген және ортақ тепе-теңдiктiң стохасткалық есептелетiн үлгiлерiнiң қатары;
          • iшкiтектiк өсуi және т.б.
          Бағдарламаны ендіруден күтетін нәтижелер. Математикалық моделдердің сапасын зерттеу, макроэкономикалық талдау, шешім қабылдауды дайындау мен қолдау ақпараттық жүйесі түріндегі елдің экономикалық жүйесінің математикалық моделдерінің алғашқы жиындар базасында ұлттық экономиканың дамыту экономикалық құралдарын тиімді мәндерін тандау бойынша ұсыныстарын өндіру әдістерін ендіру елдің экономикалық жүйесі қызметінің негізгі көрсеткіштерін маңызды жақсартуды қамтамасыз етеді (мысалы, экономика эволюциясының базалық нұсқасымен салыстырғанда 2014 жылдағы елдегі ЖІӨ-нің 22% өсуiн қамтамасыз ету).

          2. Қазақ сөзін айырып танитын автоматтандырылған жүйесін құру. Жобаның негізгі мақсаты қазақ сөзін айырып танитын бағдарламалық жиынын жасау болып табылады. Бұл мақсатқа жету адамға компьютермен тілдесуге және оларды дауыспен басқаруға мүмкіндік береді. Мәліметті дауыспен енгізу және дауыспен басқару қазіргі таңда бүкіл әлемде кең қолданысқа енуде. Автоматтандырылған телефон қызметтері, робототехника, мәтінді оқу жүйелері, дыбыстық жазудан ақпаратты іздеу - бұнын бәрі дауысты айырып танитын автоматтандырылған жүйелерді қолдану саласының әлде қайда толық тізімі емес. Сонымен қатар, бұл жобаны іске асыру қазақ тілін мемлекеттік басқару органдарында, экономикада және тұрмыста мемлекеттік тіл ретінде қолдану базасын кеңейтуге көмектеседі.
          Жобалардың нақтырақ сипаттамасы: Ақпараттық технологиялар саласындағы қызметі. ЖШС «Ізет-ру» Ғылым қоры жобасы бойынша жұмыстар жүргізеді. Жобаның аты: «Қазақ сөзiн айырып танитын автоматтандырылған жүйесiн құру».
          Қазіргі таңда Қазақстанда қазақ сөзiн айырып танитын бағдарламалық өнiмдер жоқ. Жобаның орындалуының қорытынды нәтижесі келесi компоненттер болады:

          • бағдарламалық қамтама түрінде сөзді айырып тану;
          • қазақ тілінің акустикалық ақпаратар қоры;
          • қазақ тілінің акустикалық моделі;
          • қазақ тілінің тілдік моделі.
          3. РМК «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы» йод галогенидтерi базасында дәрi-дәрмектердің белсендi кешендерiн моделдеу жобасын iске асыруда.
Зертхананың өз жобалары:
          2011 жылы ҚР БжҒМ жариялаған гранттық қаржыландыру конкурсы нәтижесінде АжҒҰҚҰҒЗ 2 жоба ұтып алды:

          1. «Жоғары өнімді есептеулерді пайдалана отырып, мемлекеттік тілдегі мәтінді оптикалық тану бойынша интерактивті портал құру» инновациялық жобасы.
          Күтілетін нәтижелер:

          • Мәтінді оптикалық танудың ашық алгоритмдерін жасаушылардың халықаралық қоғамдастығымен бірлесу.
          • W3C Web 2.0 стандарты бойынша құрылған веб-портал.
          • Мемлекеттік тілдегі мәтінді оптикалық тану бойынша онлайн сервис.
          • Мәтінді оптикалық тану моделін тұрғызу халықаралық ашық стандарттарына сәйкес мәтінді оптикалық тану моделін құру.
          • Суперкомпьютерлерді пайдаланатын мәтінді оптикалық танудың жоғары өнімділікті алгоритмі.
          2. «Мұнай-газ өнеркәсіп объектілеріндегі апаттардың биоденеге кері әсер етуінің қауіп-қатерлік картасын құрудың суперкомпьютерде әдістемесін әзірлеу және жүзеге асыру» инновациялық жобасы.
          Ұсынылған жобада мәселенің теориялық ықтималды-жиындық талдауынан бастап, қауіп-қатер картасын құру моделінің суперкомпьютерде әзірленуіне дейінгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізбегі және Қазақстанға аса маңызды мұнай-газ саласы үшін арналған есептерде қолданылуы жасалады. Нәтижесі ары қарай ғылыми зертеулер үшін және қауіп-қатер картасын құрудың сәйкес технологисын әзірлеу үшін негізі болатындай полигон ретінде қызмет ететін математикалық модель болады.
          Сонымен қатар атап өту керек:

          • Қойылған мәселе күрделілігі мен аумағы сандық шешімдері тек қана заманауи суперкомпьютерлерде шешілетін есеп класына жатады. Сондықтан, Қазақстан Республикасының өзекті есептерін шешу үшін лаборатория суперкомпьютерін тиімді қолдану туралы сөз болып жатыр;
          • Қауіп-қатер картасын құру саласындағы зерттеулер әлем ғылымының ең басында тұр және қоршаған ортаны қорғау мен өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан аудандарда адамдардың қауіпсіз тұруының өткір мәселелерімен байланысты;
          • Қазіргі мен қолдануға қабылданған өндірістік қауіп-қатер бағалау әдістері ең бастысы көбінесе субъективті сипатқа ие болатын эксперттік бағалауға негізделген және минималды шығыспен өнім өндірісімен ынталандырылған тұлғалар әсерімен бекітілген. Мысал ретінде Россияда бекітілген РД 03-418-01 «Қауіпті өндіріс объектілерде тәуекелдік талдау жүргізу бойынша әдістемелік нұсқау» әдістемесін немесе халықаралық стандарт ISO 17776:2000 «Мұнай және газ өнеркәсібі. Теңіздік қондырғылар. Қатерлікті теңдестіру мен кауіптілікті бағалаудың құралдары және әдістері бойынша басқару нұсқасы» әдістерін пайдалануы апаттардың азаюына және олардың биодене мен адамдарға әсерінің азаюына алып келмегенін көрсетуге болады.
          Унивеситеттік ғылымды дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде «GRID-жүйесінің архитектурасын құру мен түпнұсқасын жасау методологиясы» жобасы ұтып алынған.
          Күтілетін нәтижелер:

          • Сертификаттар беретін серверден, базалық GRID-сервистерден және мәселеге бағытталған сервистерден тұратын серверлердің виртуалды орталығын құру.
          • GRID-жүйесіне суперкомпьютерлік және басқа есептеуіш ресурстарды қосуға арналған сервистерді құру.
          • GRID-жүйесінің жүйелік бағдарламалық қамтамасы кешенін құру.
Бағдарламалық қамтама
Техниқалық қамсыздамасы
Қызмет
Ынтымақтастық
Әлеуметтік желілер
Келісім жасалған ұйымдар

Серіктестер
Аккредитация

Ғылым

Білім
Есептеуіш кластер

Терминалдық класс

Полярлы-орбиталдық спутниктардан мәліметтер қабылдау станциясы

3D принтері
Кластердің БҚ

STAR-CCM+

MIKE 21

3DS MAX 2014

MSC 2013

Gaussian