Back
Next

Ақпараттық және ғарыштық технологияларды ұжымдық қолданудың ұлттық ғылыми зертханасы.

Зертхана қызметінің негізгі мақсаты - ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын субъектілермен ақпараттық және ғарыштық технологиялар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуін қамтамасыз ету.



Copyright 2015 by NORLIST
КазҰТЗУ рендер фермі
          21 мамырда осы жылдың көптен күткен жобасы - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған, режиссерлер Жәкен Дәненов пен Рустам Тұралиев жасаған, қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш ұлттық толықметражды «Ер Төстік және Айдаһар» атты анимациялық фильмі еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды. Аталған анимациялық туындының тағы да бір ерекшелігі - отандық туынды кинотеатрларда  3D форматында көрсетіледі.
          Қазақ анимациялық кино тарихындағы тұңғыш толықметражды анимациялық фильмге халық ертегісі - «Ер Төстік» арқау болған. «Ер Төстік» қазақ анимация тарихындағы тұңғыш толықметражды фильм ғана емес, ол, сонымен қатар, әлемдегі соңғы анимациялық 2D және 3D үлгідегі технологиялар қолданылған жоба болуымен де құнды.
          Осыған дейін шетелдік анимациялық фильмдермен тәрбиеленіп келген жас ұрпақ аталмыш фильм арқылы қазақ ертегілерінің көне кейіпкерлерімен қауышып, халқымыздың рухани әлемінен нәр ала бастайтынына үміт зор.
          Қазақ фольклор кейіпкерлерін 3D форматына салып, анимациялық туындыны дүниеге әкелген топ - еліміздің ең үздік компьютерлік графика мамандары мен аниматорлары. Фильмді түсіруде "motion capture" заманауи технологиясы (актерлердің қимыл-әрекетін анимацияға айналдыру) қолданылған. Фильмді жасауға үш жылдай уақыт кетті. Шетелдің ірі мультипликациялық фильмдер шығаратын студиялары есебімен салыстырғанда, бұл мерзім аз уақыт болып есептеледі екен. Сонымен қатар, кейіпкерлерді дыбыстау жұмысына қазақстандық актерлер де бар күшін салды. Олардың қатарында: Лидия Қаден, Димаш Әкімов, Қадырбек Демесінов, Күнсұлу Шаяхметова, Ақкенже Әлімжан, Илья Шилкин, Лия Нэльская, Нина Жмеренецкая, Евгений Жуманов, Филипп Волошин және тағы да басқалары.
Кластердің БҚ

STAR-CCM+

MIKE 21

3DS MAX 2014

MSC 2013

Gaussian
Есептеуіш кластер

Терминалдық класс

Полярлы-орбиталдық спутниктардан мәліметтер қабылдау станциясы

3D принтері
Аккредитация

Ғылым

Білім
Келісім жасалған ұйымдар

Серіктестер
Қызмет
Техниқалық қамсыздамасы
Бағдарламалық қамтама
Ынтымақтастық
Әлеуметтік желілер