Back
Next

Ақпараттық және ғарыштық технологияларды ұжымдық қолданудың ұлттық ғылыми зертханасы.

Зертхана қызметінің негізгі мақсаты - ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын субъектілермен ақпараттық және ғарыштық технологиялар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуін қамтамасыз ету.





Copyright 2015 by NORLIST
Еліміздің жетекші техникалық университетінде суперкомпьютерді жетілдіру
          Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ-де, өз есебінен жаңғыртылған, өнімділгі 80 Tflops белгіленді Есептеуші кластердің ашылу рәсімі болып өтті. Университет ректорының кіріспе сөзінде ҚазҰТУ-нің Есептеуші кластерін (Суперкомпютерді) жетілдіру арқылы ТМД елдерінің ТОП-50 суперкомпьютерлері тізіміндегі жоғалтып алған ұстанымын қайтарып алу және арттыру мүмкіндігі бар екендігі айтылды. ҚазҰТУ Суперкомпьютерін жетілдіру нәтижелері бойынша рейтингте болжаммен 13 орында тұр. Қазіргі кезде рейтингте бірде-бір қазақстандық суперкомпьютер жоқ.
          Суперкомпьютерді жетілдіру арқылы біздің мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілік коэффициентін Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумдың келесі тармақтары бойынша арттыру мүмкіндігін ие боламыз: «Инновацияларға қабілетті» (қазіргі уақытта 74 орын), «Ғылыми-зерттеу институттарының сапасы» (қазіргі уақытта 102 орын), «ҒЗТҚЖ саласында жоғарғы оқу орындары мен өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастық» (қазіргі уақытта 79 орын), «Жоғарғы технологиялық өнімдерді мемлекеттің сатып алуы» (қазіргі уақытта 58 орын).

          2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойыша құрылған Қ.С. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Ақпараттық және ғарыштық технологияларды ұжымдық қолданудың ұлттық ғылыми зертханасы қазіргі кезде еліміздегі ең ірі есептеу орталығы болып табылады. ҚазҰТУ Есептеуші кластері (Суперкомпьютер) базасында 3D-модельдеу және анимациялау саласында есептеудерді жүргізу үшін Орта Азиядағы ең ірі рендер-ферма құрылды, оның көмегімен АҚ «Қазақфильмдің» «Ер Төстік және Айдахар» атты ұлттық толықметражды анимациялық фильмі жарыққа шықты. 3D-сахналарды онлайн-рендерингтеу технологиясы құрастырылды және коммерцияландыру сатысында тұр. Ерікті бөліктелген есептеулер технологиясына негізделген ҚазҰТУ-нің Есептеуші ГРИД құрылған. Мәтіндерді мемлекеттік тілде оптикалық тану жүйесі жетілдірілген. Солтүстік Каспий және т.б. экожүйесіне техногенді апаттарының кері әсерін тигізу қауіп-қатерін есептейтін жүйе әзірленуде. Еліміздің жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдары зертхана базасындағы ҚазҰТУ-нің Суперкомпьютерінде зерттеулер жүргізуде.
Кластердің БҚ

STAR-CCM+

MIKE 21

3DS MAX 2014

MSC 2013

Gaussian
Бағдарламалық қамтама
Есептеуіш кластер

Терминалдық класс

Полярлы-орбиталдық спутниктардан мәліметтер қабылдау станциясы

3D принтері
Техниқалық қамсыздамасы
Қызмет
Аккредитация

Ғылым

Білім
Келісім жасалған ұйымдар

Серіктестер
Ынтымақтастық
Әлеуметтік желілер