ҚР Президенті мен Үкіметінің ықыласы бойынша ғылым мен жоғарғы білімді біріктіру үшін ҚР БжҒМ 2008 жылғы 22 шілдедегі 436 “Ұжымдық қолданудың ұлттық ғылыми зертханаларын ашу үшін ұлттық кәсіпорындарды анықтау туралы” бұйрығы бойынша ҚазҰТУ “Ақпараттық және ғарыштық технологияларды ұжымдық қолданудың ұлттық ғылыми зертханасы” (АжҒТҰҚҰҒЗ) ұйымына байқау негізінде іріктеп алынды. АжҒТҰҚҰҒЗ 2009 жылдың қараша айында ҚазҰТУ ректорының 2009 жылғы 25 қарашадағы 624-п бұйрығына сәйкес құрылды. 2010 жылдың маусым айында Ақпараттық және ғарыштық технологияларды ұжымдық қолданудың ұлттық ғылыми зертханасының ашылуы және пайдалануға есептеуіш кластерді (Суперкомпьютер) іске қосу болды.
     ҚР БжҒМ зертхананы заманауи құрылғылармен жабдықтау мақсатында АжҒТҰҚҰҒЗ үшін 400 млн. теңге және ИПЗ үшін 200 млн. теңге көлемінде зертхананы құруға қаржы бөлді.
     Қосымша ҚазҰТУ өз қаражатынан 500 млн. теңге көлемінде ғимаратты жөңдеу мен инфрақұрылымын құру үшін, жиһаз, оргтехника және қосымша құралдар алуға жұмсады.
     АжҒТҰҚҰҒЗ Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Қазақстан-Корей ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқу орталығының бірінші қабатында орналасқан.

     Зертхананың жалпы есептері:

· ақпараттық және ғарыштық бағыттағы ғылыми және технологиялық даму бағдарламалары мен жобалардың орындалуын қамтамасыз ету;
· ғаламдық нарықта бәсекелеске тұрарлық ғылыми өнімдер мен коммерциялық технологиялар құру;
· халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықта қатысу;
· жетекші әлемдік ғылыми орталықтармен бірге ғылыми жобаларды құру негізінде басымдылық ғылыми бағыттарда ғылыми кадрлар дайындау.

     Ақпараттық технологиялар саласындағы есептер:

· үлкен және аса үлкен көлемдегі мәліметтерді математикалық өңдеу;
· қиындығы жоғарғы математикалық есептерді шешу;
· компьютерлік көру саласындағы зерттеулер;;
· жасанды интеллект мәселесі;
· grid-технологиясын дамыту;
· параллелді бағдарламалау саласындағы зерттеулер;
· виртуализация саласындағы зерттеулер.

      Ғарыштық технологиялар саласындағы есептер:

· қашықтықтан барлау мәліметтерін өңдеу;
· ғарыштық тағайындалудағы құралдарды жобалау;
· экологиялық есептерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасы территориясының бетін қашықтықтан зерртеуге бағытталған ғарыштық зерттеу мәліметтерін талдау және өңдеу;
· ғарыштық құрал жасауға арналған жүйелерді моделдеу;
· космофизика саласында теориялық зерттеулер жүргізу;
· ғарыштық объектілердің физикалық үрдістерін моделдеу.

     АжҒТҰҚҰҒЗ даму болашағы:

· ANSYS бағдарламалық пакетін орнату және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, экономиканың әртүрлі салаларында компьютерлік инжинирингтің кең шеңбердегі физикалық есептерін шешуге мүмкіндік береді;
· GAUSSIAN бағдарламалар жиынын орнату, есептеуіш және кванттық химия, молекулярлық моделдеу, медициналық және фармацевтикалық зерттеулер саласында мәліметтерді өңдеуге жоғарғы өнімділікті жүйелерді қажет ететін химиялық есептерді шешуге мүмкіндік береді;
· Leica ERDAS IMAGINE бағдарламалық пакетін орнату, көлемдік өлшеу және есептеу жұмыстарын жүргізуге қажет ететін географиялық, экологиялық, геологиялық және әскери сипаттағы есептерді шешеді;
· PHOTOMOD бағдарламалық пакетін орнату, барлық коммерциялық мүмкін бейне түсіру жүйелері, кадрлық сандық және пленкалы камералар секілді, көрсету дәрежесі жоғарғы ғарыштық сканерлеу жүйелері, сонымен қатар синтезделген апертурасы бар радарлар кескіні негізінде кеңістіктегі ақпаратты алуға мүмкіндік береді;
· Машина жасау саласында құрылатын өнімдерді виртуалды моделдеуін ұйымдастыру мен басқару, талдау және тиімділігін арттыру үшін MSC бағдарламалық өнімдерін орнату.
Back
Next

Ақпараттық және ғарыштық технологияларды ұжымдық қолданудың ұлттық ғылыми зертханасы.

Зертхана қызметінің негізгі мақсаты - ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын субъектілермен ақпараттық және ғарыштық технологиялар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуін қамтамасыз ету.





Copyright 2015 by NORLIST
Зертхана туралы

Бағдарламалық қамтама
Техниқалық қамсыздамасы
Қызмет
Ынтымақтастық
Әлеуметтік желілер
Келісім жасалған ұйымдар

Серіктестер
Аккредитация

Ғылым

Білім
Есептеуіш кластер

Терминалдық класс

Полярлы-орбиталдық спутниктардан мәліметтер қабылдау станциясы

3D принтері
Кластердің БҚ

STAR-CCM+

MIKE 21

3DS MAX 2014

MSC 2013

Gaussian